Ол бұл шаралар кәсіби және жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті жақсартуға, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.
«Бүгінгі таңда ШҚО-ның бірқатар аудандарында (Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Күршім) жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін түзетіліп, тұрғындар тарапынан оң баға мен қолдау тапты. Қажет болған жағдайда осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде қолданатын болады», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.
Мониторинг нәтижелері биылғы наурыз айының басында ҚР Парламенті Мәжілісінің «AMANAT» фракциясының қарауына енгізілгені атап өтілді.