Бұл туралы WBC ұйымының президенті Хосе Сулейман айтты. Хосе Сулейман Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесіп, оның ерлігін жоғары бағалады.
Сонымен қатар оны ресми түрде WBC-тің бейбітшілік елшісі деп жариялады.
«Мен онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Ол – тек спорт үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін нағыз батыр!» – деді ұйым басшысы.
Еске салсақ, жұма күні, 7 наурызда 52 жастағы Мұса Әбдірайым Алматы халықаралық әуежайының рейс алдындағы тексеру аймағына жолаушы атын жамылып кіріп, әуежай қызметкерін кепілге алған пышақпен қаруланған қылмыскерді өз бетінше залалсыздандырған болатын. Батылдығы мен ептілігінің арқасында батыр қыздың өмірін сақтап қалды.