«Қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны онлайн форматта іске қосылсын», – делінген құжатта.
Жеке куәлік пен паспортты онлайн форматта алуға қатысты бірнеше шарттар бар. Екі куәландырушы құжат тек мына жағдайдаларда онлайн берілуі мүмкін:
құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе;
құжаттың қолданылу мерзімінің аяқталуына 30 және одан аз күн қалса;
жеке куәліктің қолданылу мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспаса.
«Құжаттаудың басқа себептері бойынша ЭҮП және мобильді қосымшалар арқылы қызмет көрсетілмейді және көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға «ресімдеу қолжетімді емес, ХҚКО-ға хабарласыңыз» хабарламасымен жүгіну қажеттігі туралы хабардар етіледі», – делінген құжатты.
Пилоттық жоба 2026 жылдың 1 наурызына дейін жүргізіледі.