Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі Төлепов бұл ақпаратты растап, халыққа үндеу жасады.
«Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Қасиетті Рамазан айында ұстап жатқан оразаларыңыз қабыл болсын! Адам баласы бүгінгі, ертеңгі күндерінің кестесін Алламен келісімшартқа отырып қоя алмайтыны мәлім. Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарланған концерттерді кейінге шегіндірдік. «Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады» деген. Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар, жақсыларым. Бұлттың артынан күн шығары анық қой, ауырмаңыздар»,– деп жазды ол.