Мәзір
24 ақпан, 2025 / BuginMedia / Экономика

24 ақпанға доллар, еуро және рубль бағамы жарияланды

24 ақпанға валюта бағамы жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

24 ақпанға доллар, еуро және рубль бағамы жарияланды 24 ақпанға доллар, еуро және рубль бағамы жарияланды
Фото: nn.mk.ru

Ұлттық банктің 24 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 502,47 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,68 теңге. Еуро — 525,83.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 504 теңге. Еуро 526— 532 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 509,5 теңге, сатып алу құны — 500 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,52 - 5,71 аралығында саудаланып жатыр.

 https://kaz.inform.kz/news/dollar-euro-men-rubldn-bugng-bagami-kanday-493624/

Апта талқысында: