Көлік министрлігінің мәліметінше, 27 мамырдан бастап «Air Astana» әуекомпаниясы Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 3 рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus типті әуе кемелерімен орындалады. Бүгінгі таңда Тбилисиге рейстер Алматы және Ақтау қалаларынан орындалады.
Осы жылдың 28 мамырынан бастап «SCAT» әуекомпаниясы Шымкент қаласынан Сианға тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта Сианьға тікелей рейстерді Қытай әуекомпаниялары Алматы мен Астанадан орындайды.
«Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады», - делінген министрлік хабарламасында.