Мәзір
18 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Түрмеде туған күн тойлаған: 16 басшы мен қызметкер лауазымынан босатылды

Шерзат Полаттың өліміне кіәлі де танылып, түрмеде отырған күдіктілердің туған күн тойлағаны туралы видео  тараған соң 16 басшы мен қызметкер қызметінен босатылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Түрмеде туған күн тойлаған:  16 басшы мен қызметкер лауазымынан босатылды Түрмеде туған күн тойлаған:  16 басшы мен қызметкер лауазымынан босатылды
Фото: видеодан алынды

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы уақытша ұстау изоляторына тексеру жүргізілген. Видеоны мекеменің қызметкері ұялы телефонына түсірген анықталды. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және тиісінше бақылау жүргізбегені үшін 16 басшы мен қызметкер лауазымнан босатылуға дейін қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Оның ішінде УҰИ басшысы да лауазымнан босатылды», - делінген хабарламада.

Ведомство осындай мекемелерде жоспардан тыс тексеруді бастады.

Апта талқысында: