Әйел өзінің шаршағанын айтып, төсекке жантайып, сол күйі тұрмаған.
Бестөбе ауылында үлкен қайғы болы. Алты баланың анасы қайтыс болды. Отыз төрт жастағы әйел жетінші баласына аяғы ауыр болған. Туыстарының айтуынша, әйел шаршағанын және демалғысы келетінін айтқан. Кейіннен қайтыс болғаны белгілі болды. Себебі белгісіз. Мәйіт сараптамаға жіберілді.
Белгілі болғандай, әйел емханада есепте тұрған. Жүктілік мерзімі 34 апта. Үйде балалары, күйеуі, ата-енесі болған. Әйелдің балаларының бәрі кәмелеттік жасқа толмаған. Зорлық-зомбылықтың ізі жоқ.
Мезгілсіз қайғыдан қазір марқұм әйелдің отбасы қара жамылды. Тергеу басталып, медиациналық сараптама тағайындалды.
"Денсаулық сақтау басқармасы Бестөбе ауылындағы әйел өлімін растайды. "Viamedis " ЖШС-не 18.10.2024 жылы тіркелген. Жедел жәрдем келгенше қайтыс болған. Алдын ала болжам бойынша өлім себебі – ОССН – асқынған жүрек-тамыр жеткіліксіздігі. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – делінген Ақмола облысы Денсауық сақтау басқармасы хабарламасында.