Кәсіпкер Дилара Тәжімбетова Қайрат Нұртасты сыйлайтынымен, Жұлдыздың әңгімесінен кейін оған деген көзқарасы өзгергенін айтады.
"4 сағат 10 жылда өмірі қалай өткенін айтты. Мен бұрын Жұлдызды танымағанмын, білмеймін. Қайратты иә, жақсы көреміз, сыйлаймыз, сүйікті әншіміз, еліміздің азаматы, солай деп білеміз әрқашан. Бірақ Жұлдыздың айтқан әңгімесінен кішкене шокта болдым, қорқып кеттім. Ажырасайын деп жатқанын, сол кезде ол Қайратпен тұрмайтынын айтты", — деді Дилара Тәжімбетова.