Мәзір
5 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

«Есімде ешнәрсе жоқ»: жас баланың жыныс мүшесін ұстаған Алмас Кішкенбаев сотталып кетті

Танымал әнші Алмас Кішкенбаев курьер болып жүрген жас жігіттің жыныс мүшесін ұстап, тиіскені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Есімде ешнәрсе жоқ»: жас баланың жыныс мүшесін ұстаған Алмас Кішкенбаев сотталып кетті «Есімде ешнәрсе жоқ»: жас баланың жыныс мүшесін ұстаған Алмас Кішкенбаев сотталып кетті
Фото: видеодан алынды

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

«ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені үшін жауапкершілік қарастырылған. Сотпен К.-ның мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттерді жасағаны анықталды. Сотта К., оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді.

434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ», - делінген хабарламада.

Соттың мәліметінше, жауаптылықты ауырлататын мән-жай мас күйінде құқық бұзушылық жасау болып анықталды.

«Жоғарыда айтылғандардың негізінде К.-ға ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлайды қалалық сот.

Айта кетейік, осыған дейін Алмас Кішкенбаевтың Алматыда 17 жастағы курьерге тиіскені хабарланған болатын.

Апта талқысында: