«Бүгін өтуі керек болған сот отырысы белгісіз себептермен кейінге қалдырылды. Мұндай шешімге нақты не түтркі болғанын біз білмейміз, өйткені сот отырысы жабық түрде өтеді, яғни іс барысын жариялауға рұқсат етілмеген. Алмас Кішкенбаевтың осы іс бойынша қаралып жатқанын растаймыз», - деп жауап берді соттың ресми өкілі редакция сауалына.
Әншіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айып тағылғанын еске саламыз.
Айта кетейік, осыған дейін әншінің 17 жастағы курьерге тиіскені туралы ақпарат шыққан. Баланың әкесі полицияға арыз жазған. Қалалық полиция Алмас Кішкенбаетың ұсталғанын растаған.
«2007 жылы туған бозбаланың сөзінше, кешкі сағат 21.00 кезінде оған Алматы тұрғынынан 3 бөтелке сыраға тапсырыс түскен. Жігіт сыраны сатып алып, 40 жастағы ер адамның пәтеріне әкеп береді. Ер адам оған бірге ішуге ұсыныс жасап, оның мүшесінен ұстап алғысы келген. Курьер дереу ол жерден кетіп, болған жағдайды әкесіне айтып береді. Полиция пәтерге барып, ер адамды ұстап алып кеткен. Оның аты – Алмас Кішкенбаев», - деп жазған еді Kozachkov телеграм каналы.