Мәзір
31 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Экономика

Доллар, еуро және рубль 31 қаңтарда неше теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 – 523 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Доллар, еуро және рубль 31 қаңтарда неше теңгеден саудаланып жатыр? Доллар, еуро және рубль 31 қаңтарда неше теңгеден саудаланып жатыр?
Фото: pixabay

Ұлттық банктің 31 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 519,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,31 теңге. Еуро — 540,05.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,6 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521,9 теңге. Еуро 539 — 544 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517,7 теңге, сатып алу құны — 523 теңге. Еуро 538,5 теңгеден сатылып, 544 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17 - 5,28 аралығында саудаланып жатыр.

Апта талқысында: