Мәзір
30 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Бірдеңе таза емес» деді: Жұлдыз Әбдікәрімова үйінен айырылғанын Қайрат Нұртас қалай қабылдағанын айтты

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Динара Сәтжанға берген сұхбатында үйінен қалай айырылып қалғанын айтып берді,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Бірдеңе таза емес» деді: Жұлдыз Әбдікәрімова үйінен айырылғанын Қайрат Нұртас қалай қабылдағанын айтты «Бірдеңе таза емес» деді: Жұлдыз Әбдікәрімова үйінен айырылғанын Қайрат Нұртас қалай қабылдағанын айтты
Фото: видеодан алынды

Айтуынша, үйін жаңа үйге ауыстырамын деп, алаяқтарға алданып қалған. Актриса шешім қабылдамас бұрын күйеуі Қайрат Нұртаспен  ақылдасқанын айтты. Алайда, күйеуі көп ұзамай бұл істе бір шикілік бар екенін түсінген.

"Карантиннен шыққан кезде балалар әлі кішкентай еді. Балалар үйде қамалып отырып қалды, есік алдына шыққысы келеді. Дастарқан басында балалар «Жер үй болғаны жақсы» деген сөздер айтып жүрді. Үйді сату немесе алмастыру үшін заңды түрінде жолдасыңның келісімі болуы керек. Сондықтан Қайрат бұл жайлы білді. Қайратпен бардық, көрдік, ақылдастық, әуежайға жақын екені ұнады. Ұсынысы бізге ыңғайлы болды. Қайратқа да ол жер ұнады. Кейін Қайрат менен «Енді қашан болады?» деп сұрай берді. Ол күдіктене бастады. Негізі Қайраттың интуициясы өте жақсы дамыған. Ол 2022 жылдың соңында «Бірдеңе таза емес» деді. Алаяқ болып шыққанын естігеннен кейін, әрине, Қайратқа айттым. Ол сабырлы қабылдады. «Бастысы, аман болайық, еңбектеніп, тағы да бір үй алармыз» деді ", - дейді актриса.

Актриса бірнеше адам алдын ала абай болу керегін ескерткенмен, эмоцияға беріліп, елемегеніне өкінетінін айтты.

Апта талқысында: