Мәзір
1 ақпан, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Оқушыға тиісті деп айыпталған Алмас Кішкенбаевқа қатысты тың дерек шықты

Алмас Кішкенбаевқа ұзақ бұзақылық бабымен айып тағылып, 3 ақпанда сот алдында жауап береді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оқушыға тиісті деп айыпталған Алмас Кішкенбаевқа қатысты тың дерек шықты Оқушыға тиісті деп айыпталған Алмас Кішкенбаевқа қатысты тың дерек шықты
Фото: kz.bizorg.su

Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында әншіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабы "Ұзақ бұзақылық" бойынша айып тағылғанын жазды. 

"Жеке тұлғаларға тиісу және басқа әрекеттері үшін Кішкенбаевқа 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін", – деп жазды журналист.

Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы баланың айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Ол алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған. Оның үстіне, сол кезде ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жағынан ұстап алған. Курьер дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.

Апта талқысында: