Мәзір
19 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

«Ішінде өзіме сабақ берген ұстаздарым бар»: бойжеткен сұмдық жағдайға тап болғанын айтты

Заңгер Ләззат Рақышева алып қашудың құрбаны болған қыздың хатын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Ішінде өзіме сабақ берген ұстаздарым бар": бойжеткен сұмдық жағдайға тап болғанын айтты "Ішінде өзіме сабақ берген ұстаздарым бар": бойжеткен сұмдық жағдайға тап болғанын айтты
Фото: sotwe.com

Айтуынша, алып қашушылардың ішінде өзіне сабақ берген ұстаздары да бар. Ата-анасы артынан келгенімен, кейін қазақи дәстүр бойынша тастап кеткен.

"Мен кеше алып қашудың құрбаны болған жанмын. Жасым небәрі 19 да. Мені 31 жасар ешқашан сөйлесіп көрмеген ер азамат алып қашты. Ешқандай артық ойсыз оқуыма басқа қалаға кетіп бара жатқан едім. Мені алдап такси ретінде келіп кенеттен алып қашты. Ол алып қашушылардың барлығы ауылдастарым әрі маған мектепте сабақ берген ұстаздарым бар. Өте қатты қорықтым. Ата- анам келгенде қуанып едім бірақ қазақи дәстүр бойынша мені тастап кетті. Мен шарасыз күйде болдым. Себебі менің не телефоным, не документтерім ештеңе жоқ барлығын алып қойған. Біріншіде құрбыларым шақырған полицей қызметкерлері барлығының айтқан сөздеріне иланып мені тастап кетті. Сол сәтте маған жан- жақтағы адамдар психологиялық қысым жасады. Кейін өздерін кінәсіз көрсету үшін маған мәжбүрлі түрде видео, жазбаша түрде келісім жасатты. Әрине бұл менің сағымды сындырды. Бірақ қолдаушы үлкен көмегі тиген заңгер Ләззат Ракишева полицияға арызданып, өзі көз жеткізу үшін мені полиция бөлімшесіне алып кетуді талап етті. Сол кезде ғана полиция бөлімшесіне барып есімді жия алдым. Үлкендердің айтқандары міндетті түрде бәрі бірдей дұрыс бола бермейді. Егерде сіздің еркіңізден тыс әрекет болса, әрқашан өзіңізге, өз ойыңызға сеніңіз. Барлық осы жағдай барысында бізбен хабарда болған Ләззат ханымға мың алғыс білдіремін! Үлкендердің үгіттеушілігінің кесірінен өз өмірлеріңізге балта шаппаңыздар", - деп жазған бойжеткен.

Апта талқысында: