Әлеумет

Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру үшін арнайы комиссия құрылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізетін арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Ақорда мәлдімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Комиссия Қорғаныс министрлігіндегі қазіргі жағдайды кешенді түрде тексереді. Комиссия төмендегідей құрамнан тұрады:

Аида Балаева – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;

Әлихан Смайылов – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;

Ержан Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;

Жанат Элиманов – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;

Мұрат Баймұқашев – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы;

Мәди Тәкиев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Жандос Өмірәлиев – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары;

Әли Алтынбаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;

Азамат Әмрин – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі бар.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілерді теңіз алып кетіп, 14 әскери қаза тапты. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, Үкіметтік комиссия құрылды. Қорғаныс министрлігінен бес лауазымды тұлға қамауға алынды.