Мәзір
Бүгін, 13:35 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанда мобильді аударым лимиті ұлғаяды

Қазақстанда мобильді аударымдар бойынша рұқсат етілетін сома 500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жаленов мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда мобильді аударым лимиті ұлғаяды Қазақстанда мобильді аударым лимиті ұлғаяды
Фото: istockphoto.com

Оның айтуынша, қазіргі таңда тиісті нормативтік-құқықтық актінің жобасы «Ашық НҚА» порталында талқылауға шығарылған.

«Бүгінде біз аударымның мүмкін болатын сомасын 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ұлғайтуды көздейтін НҚА жобасын талқылауға шығардық», – деді ол.

Сонымен қатар, әр азамат өзіне аударым лимитін жеке белгілей алады. Банктер де клиенттер үшін өз лимиттерін енгізуге құқылы.

Жаңа құжат банкаралық аударымдарды, соның ішінде 2026 жылдың шілдесінде іске қосылған «Бірыңғай QR» жүйесі арқылы жасалатын операцияларды да реттемек.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2