Мәзір
Бүгін, 09:13 / BuginMedia / Спорт

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында топ жарды

Қазақстан құрамасы Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында топ жарды Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында топ жарды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 74 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде бар.

Жалпыкомандалық есепте Қырғызстан 30 алтын медальмен екінші, ал Ресей жеті алтынмен үшінші орынға жайғасты.

Қазақстандық спортшылар ұлттық спорттың бірнеше түрінен жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, олар аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, мангала, дәстүрлі садақ ату және ат жарыстарында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға көтерілді.

Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 113 елден үш мыңға жуық спортшы қатысты.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2