Мәзір
Бүгін, 10:31 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Әлсіз тұсы - отбасы»: Данияр Елеусіновтің менеджері боксшының ұсталуына пікір білдірді

Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусиновтің менеджері Зия Алиев спортшының Астанада мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Әлсіз тұсы - отбасы": Данияр Елеусіновтің менеджері боксшының ұсталуына пікір білдірді "Әлсіз тұсы - отбасы": Данияр Елеусіновтің менеджері боксшының ұсталуына пікір білдірді
All Stars Boxing

Зия Алиевтің айтуынша, Елеусинов жақын арада АҚШ-тың Майами қаласына барып, келесі жекпе-жегіне дайындықты бастауы керек болған. Боксшы тамыз айында Дана Уайттың Zuffa Boxing промоушені ұйымдастыратын турнирде өнер көрсетуі жоспарланған.

«Біз оның жақын арада Майамиге ұшып келуін күттік, өйткені оған келесі жекпе-жекке дайындықты бастау қажет еді. Zuffa Boxing ұйымындағы дебюті түрлі мәселелерге байланысты кейінге шегеріліп келді», - деді менеджер.

Ол болған жағдайдың қайғылы салдарға әкелмегенін атап өтті. Сондай-ақ Елеусиновтің командасы спортшыдан бас тартпайтынын жеткізді.

«Ең бастысы - зардап шеккендер жоқ. Біз сөйлесеміз. Кейде отбасыңда қиындықтар болған кезде басқа нәрсеге көңіл бөлу қиын болады. Қыста да оның осындай ауыр кезеңі болған. Біз одан бас тартуды жоспарлап отырған жоқпыз. Бұл - өмір, әртүрлі жағдай болады. Әр суперменнің өз криптониті бар, Даниярдың әлсіз тұсы - отбасы», - деді Зия Алиев.

Бұған дейін Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Данияр Елеусиновті жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін кінәлі деп таныған болатын. Сот мәліметінше, спортшы мас күйінде көлік жүргізіп, үш жол-көлік оқиғасына себеп болған. Нәтижесінде оған 20 тәулік әкімшілік қамау және жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот отырысында Олимпиада чемпионы өз кінәсін мойындаған.

Қазақстандық бокстың белгілі жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов те бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, Елеусиновті қолдау маңызды екенін айтқан. Сонымен қатар ол спортшы болған оқиға үшін кешірім сұрауы керек екенін атап өтті.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2