Мәзір
Бүгін, 12:05 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

Алтынай Жорабаева қызының жасауына 100 млн теңге жұмсаған

Танымал әнші Алтынай Жорабаева қызын ұзатқаннан кейін оның жасауына және төсек-орнына шамамен 100 млн теңге жұмсаған. Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған видеода айтылды.

Алтынай Жорабаева қызының жасауына 100 млн теңге жұмсаған Алтынай Жорабаева қызының жасауына 100 млн теңге жұмсаған
Фото: видеодан алынды

Әншінің құрбысының сөзінше, күйеу баланың әкесі жас жұбайларға ауданы 200 шаршы метр болатын пәтер сыйлаған. Ал Алтынай Жорабаева баспананы толықтай жиһазбен, кілемдермен, ыдыс-аяқпен және тұрмысқа қажетті басқа да заттармен жабдықтап берген.

Қыздың жасауында қымбат әшекейлер де бар екені айтылды. Олардың қатарында Van Cleef брендіне тиесілі сырға, алқа және білезіктер бар. Құрбысының айтуынша, мұндай әшекейлердің бағасы шамамен 4-6 млн теңге аралығында.

Бұған дейін Алтынай Жорабаева қызының жасауына қатысты кейбір дәстүрлі заттардан бас тартатынын айтқан еді. Әнші құдағимен келісіп, жас жұбайларға қажетті дүниелерді ғана беруге уағдаласқанын жеткізген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2