Мәзір
Бүгін, 11:07 / BuginMedia / Жаңалықтар

Павлодар облысында жетім қызды баспана кезегіне алты жылдан кейін қойған

Павлодар облысының тұрғыны мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегін сот арқылы қалпына келтірді. Енді оның кезегі балалар үйіне қабылданған 2008 жылдан бастап есептеледі. Бұл туралы Жоғарғы сот мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Павлодар облысында жетім қызды баспана кезегіне алты жылдан кейін қойған Павлодар облысында жетім қызды баспана кезегіне алты жылдан кейін қойған
ЖИ

Сот материалдарына сәйкес, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Б. есімді азамат 2008 жылы балалар үйіне қабылданған. Алайда оны тұрғын үй кезегіне жауапты органдар тек алты жылдан кейін, 2014 жылы «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша қойған.

2023 жылы уәкілетті орган әйелді басқа елді мекенге тұрақты тұруға көшкенін негізге алып, тұрғын үй кезегінен шығарған. Кейін сотқа дейінгі шағымнан соң оның кезегі қалпына келтірілгенімен, есепке қойылған мерзім 2014 жылдан бастап белгіленген.

Бұған келіспеген тұрғын сотқа жүгініп, кезегін балалар үйіне қабылданған 2008 жылдан бастап есептеуді талап етті.

Сот әйелдің тұрғын үй кезегіне уақытында қойылмауына өзі кінәлі емес екенін анықтады. Ол кезде талапкер кәмелетке толмаған және өз құқығын өз бетінше қорғай алмаған. Сонымен қатар оны тәрбиелеген балалар үйі кейін таратылған. Уәкілетті орган да оның патронаттық тәрбиеде болғанын растайтын дәлел келтіре алмаған.

Сот мемлекеттік органдардың әрекетсіздігі мен жекелеген лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері салдарынан азаматшаның тұрғын үй алу құқығы бұзылған деген қорытындыға келді.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке алынған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар баспана алғанға дейін кезектен шығарылмауы тиіс.

Осыған байланысты сот әйелдің мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегін 2008 жылдан бастап қалпына келтірді. Шешім заңды күшіне енді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2