Мәзір
Бүгін, 15:20 / BuginMedia / Жаңалықтар

СҚО-да ер адам әжесін пышақтап өлтірді

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында 74 жастағы әйел пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

СҚО-да ер адам әжесін пышақтап өлтірді СҚО-да ер адам әжесін пышақтап өлтірді
Фото: freepik

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға тұрмыстық жанжал кезінде болған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны жедел ұстаған.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адам қолға түскен.

«74 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыс жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды», – деп хабарлады ведомство.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын, жанжалдың неден туындағанын және күдікті мен марқұмның арасындағы қарым-қатынасты анықтап жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2