Бұл туралы Зохран Мамдани The New York Times басылымына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, қазіргі уақытта Нью-Йорк қаласының заң департаменті қала билігінің шетел мемлекеті басшысын ұстау туралы полицияға тапсырма беруге құзыреті бар-жоғын зерттеп жатыр.
«Біз тек заң аясында әрекет етеміз. Егер заң Нью-Йоркте мұндай қадам жасауға мүмкіндік берсе, соны орындаймыз. Бірақ өзіміз заң ойлап таппаймыз», – деді қала мэрі.
Мамдани сондай-ақ, өзінің пікірінше, Биньямин Нетаньяху «Гаагада болуы керек» екенін айтып, Халықаралық қылмыстық сот бұған дейін оны қамауға алуға ордер бергенін еске салды.
Сонымен қатар, мэр түпкілікті шешім қала билігінің өкілеттіктеріне жүргізілетін құқықтық сараптамаға байланысты қабылданатынын атап өтті.
Айта кетейік, сайлауалды науқан кезінде Мамдани жеңіске жеткен жағдайда Нетаньяху Нью-Йоркке келсе, оны қамауға алуға бұйрық беретінін мәлімдеген болатын. Алайда қазір ол мұндай әрекет тек заңды негіз болған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін екенін нақтылады.