The Jerusalem Post мәліметінше, Израильдің «Шин-Бет» қауіпсіздік қызметі Яир Нетаньяхуға қатысты ықтимал қастандық жоспары туралы ақпаратты желтоқсан айында алған. Бұл дерек АҚШ билігіне де жеткізілген.
Барлау қызметінің бағалауынша, Иранмен байланысы болуы мүмкін адамдар Майами аймағында болған. Осыдан кейін Яир Нетаньяхуға АҚШ аумағынан дереу кету жөнінде нұсқау берілген.
Ол шұғыл түрде елден шығып, тіпті жеке заттарын жинап үлгермеген. Қазір Яир Нетаньяху Израильде.
35 жастағы Яир – Биньямин және Сара Нетаньяхудың үлкен ұлы. Соңғы жылдары ол уақыттың көп бөлігін Флоридада, Майами маңында өткізген. Бұған дейін де оның қауіпсіздігін Израильдің арнайы қызмет өкілдері қамтамасыз етіп келген.