Емші өз жазбасында мінезінің тік екенін айтып, осының салдарынан келінін ренжітіп алудан қауіптенетінін жеткізді. Сол себепті ұлының шаңырағына жиі бармайтынын да меңзеген.
"Келінді ренжітіп алармын деп өзімнің тіктеу мінезімнен қорқып, үйге де бармай жүр едім. Анда-санда сыйлы болып барайыншы деп. Тағдырдан қаша алмайды екенсің. Қанша жоқшылықта мойымадым", – деп жазды Бағдагүл емші.
Бұл жазбадан кейін желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Олардың бір бөлігі Бағдагүл емші келіні Ақылаймен тіл табыса алмай жүрген болуы мүмкін деген болжам айтса, енді бірі отбасыдағы татулықты сақтауға шақырып, өз ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Алайда Бағдагүл емші жазбасында келінімен арада нақты қандай жағдай болғанын немесе кикілжіңнің себебін ашып айтқан жоқ.