Еріктілердің мәліметінше, 2005 жылы туған жас жігіт Ақтау қаласында тұрады. 2025 жылдың 20 тамызында ол түнгі рейспен Ақтау – Тбилиси бағыты бойынша ұшып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.
Полиция оны көрген немесе ол туралы мәлімет білетіндерден 8 700 499 72 92 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.