Мәзір
Бүгін, 15:26 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақ тілін келемеждеп, Қазақстанды кемсіткен Мұхамадиеваны қазақстандықтар елден қууды талап етуде

«Мәмбет» сөзімен ойнаған татар текті орыс тілді Қарағанды тұрғыны Алика Мұхамадиеваны қазақстандықтар елден қууды талап етуде. Бұл туралы туралы журналист Нұргелді Әбдіғани жазды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақ тілін келемеждеп, Қазақстанды кемсіткен Мұхамадиеваны қазақстандықтар елден қууды талап етуде Қазақ тілін келемеждеп, Қазақстанды кемсіткен Мұхамадиеваны қазақстандықтар елден қууды талап етуде
Фото: видеодан алынды

Сонымен, қалтасында ақшасы, артында Путиндей қорғаушысы бар Алика ханым не бүлдірді?

"Ұлттық көпшілік пен ұлттық азшылықтың не екеніне миы жетпей мейманасы асқан, Путиндік «орыс әлемі» идеологиясымен уланған Мухамадиева өзінің Instagram парақшасында жарияланған жазбада қазақ тілінде сөйлеуді талап ететіндерді мазақ етіп, мемлекеттік тілді «полукалбитский диалог» деп келемеждеген болатын. Бұдан бөлек жұртқа қойылып жүрген ауқымды сауал «Қазақстан немен танымал?» деген сауалға «мамбетами» деп жауап беріп, елдегі титулды ұлты көпшілік алдында көпе-көрнеу кемісітіп, онысына еш қысылған жоқтын…

Елімізде тәуелсіздіктің 34 жылы ішінде қалыптасқан Заң мен Тәртіп қағидасын ескере отырып, бәріміз де бір нәрсені жазар алдында, бірдеңені істер алдында, әлденені сөйлер алдында ойлануымыз керек. Осы жолы «қыз еркесі кері шаптырадының» керін келтірген Алика ханымға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 174 бабы іске қосылатын сыңайлы.

Ал тұтас бір ұлтты қорлаған Алика тотай арты ашылып қалған соң, камера алдында маска жасап, қазақ елінен өзінше жылап-сықтап кешірім сұрады. Бірақ, «жаздым, жаңылдым» деген шығарып алма сөздер Аликаға еш көмектеспейді...

Аликаны ел азматтығынан айрып, мал-мүлкін тәріклеп, «етегін кесіп, елден қууы» керек! Осылайша, «Аликаның ащы сабағы» басқаларға тәлім болуы ләзім! Елімізде ұлттық көпшілік болып табылатын қазақты һәм қазақ тілді отандастарымызды қорлағандар бір ғана кешіріммен құтылмасын!", - дейді журналист.

 

Танымал журналист Айбар Олжай бүтін бір ұлтты кемсіткен жазба Қылмыстық кодекстің 174-бабымен («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік араздықты қоздыру») саралануы мүмкін екенін ескертті.

"ҚР азаматшасы Мухамадиева Аликаның "полукалбитский диалог" және "мамбеты" деген репликалары ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталғаны байқалды және ҚР Қылмыстық Кодексінің 174 бабына келіп тұр. Осыған сәйкес, аталған сөздерді тексеру бойынша Бас прокуратураға арыз берілді. Бас прокуратураның экстремизм бойынша бөлімі қарап, қажет болса ары қарай Қарағанды полициясына бағыттайтын болады. Меннен ғана емес, басқа да адамдардан арыз түскендіктен, іс барынша статусты болмақ", - деп жазды ол.

Желідегі жұрт өз кезегінде Мұхамадиеваны Қазақстаннан депортациялауды талап етуде. Егер кінәсі дәлелденсе, ол екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Апта талқысында: