Мәзір
Бүгін, 09:46 / BuginMedia / Жаңалықтар

Таразда Алматы облысының депутатын қатыгездікпен сабап кеткен

Таразда Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиевті қатыгездікпен соққыға жығып кеткен,  деп хабарлайды Buginmedia.kz.

Таразда Алматы облысының депутатын қатыгездікпен сабап кеткен Таразда Алматы облысының депутатын қатыгездікпен сабап кеткен
Фото: massaget.kz

Taraznews мәліметінше, 13 мамырда шамамен 18:00-де Тараз қаласында ауыр жағдай туралы хабар түскен. Алдын ала мәліметке сүйенсек, Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты әрі заңгер Нұрлан Байғазиев бетінен ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның бет сүйектері бірнеше жерден сынғанын анықтаған, қазіргі уақытта ол операцияға дайындалып жатыр.

ОҚИҒА ҚАЙДА БОЛҒАН

Оқиға Жамбыл облыстық полиция департаментінің жанында орналасқан «Ғибрат» кафесінде болған. Қазіргі таңда жағдайдың нақты мән-жайы белгісіз. Ресми құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлері әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.

АДВОКАТ ТАРАЗҒА НЕ ҮШІН БАРҒАН

Нұрлан Байғазиев Таразға жұмыс сапарымен келген. Заңгер ретінде ол клиенттерімен кездесу өткізіп жатқан. Сол сәтте оған белгісіз адам шабуыл жасап, қолына кастетпен бірнеше рет ұрған болуы мүмкін.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Апта талқысында: