Мәзір
6 наурыз, 2025 / BuginMedia / Аймақ

«Астана – Қарағанды – Алматы» жолында 10 көлік соқтығысты

2025 жылғы 6 наурыз сағат 16:30-да «Теміртау – Қарағанды» автожол учаскесінде («Астана – Қарағанды (айналма жол) – Алматы» автожолының 1449 шақырымы) жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Астана – Қарағанды – Алматы» жолында 10 көлік соқтығысты «Астана – Қарағанды – Алматы» жолында 10 көлік соқтығысты
Фото: istockphoto.com

«Алдын ала мәлімет бойынша, қалың қар жауып, тұман басқаннан 10 автокөлік соқтығысып қалды.  

Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп, мән-жайлар нақтыланды», – делінген компания хабарламасында. 

Сағат 17:00-де «Теміртау – Қарағанды» төлемақы алу учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Жол белгілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес орнатылды.

Апта талқысында: