Мәзір
15 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Әлемде

Иракта 9 жасар қыз 35 жастағы ер адамға тұрмысқа шықты

Иракта 9 жасар қыз 35 жастағы ер адамға тұрмысқа шықты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Иракта 9 жасар қыз 35 жастағы ер адамға тұрмысқа шықты Иракта 9 жасар қыз 35 жастағы ер адамға тұрмысқа шықты
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желілерде Иракта өткен үйлену тойы туралы ақпарат тарады. Қалыңдық 9 жаста, ал күйеу жігіт 35 жаста екені айтылады.

Желі қолданушыларынык мәліметінше, 35 жастағы ер адам 9 жастағы қызға Ирак парламенті некелік келісім жасасу жасын 9-ға дейін төмендеткеннен кейін үйленген. Бұл заң 1959 жылы қабылданған және Таяу Шығыстағы ең даулы заңдардың бірі болып саналады. Заң шииттік мұсылман отбасыларының отбасылық қатынастарын реттейді және балалармен некелесуге рұқсат береді.

Еске салсақ, некелік келісім жасасу жасын төмендету туралы ұсынысты ультраконсервативті шииттік партиялар ұсынған. Олар жеке статус туралы заңнамаға түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етті. Заң жобасы тек некелік келісім жасын төмендетіп қана қоймай, әйелдерге қатысты басқа да бірқатар шектеуді көздейді.

Егер бұл өзгерістер қабылданса, ирактық әйелдер ажырасу, балаға қамқорлық жасау және мұрагерлік құқықтарынан айырылады. Билік коалициясы ұсынылған өзгерістер қатаң ислам нормаларына сәйкес келеді және жас қыздарды «азғын қарым-қатынастардан» қорғауға бағытталған деп мәлімдеді.

Апта талқысында: