Мәзір
1 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Дикий Арман өзіне қол салмақ болды

Қаңтар оқиғасы кезіндегі қылмысы үшін 20 жылға сотталған «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев өзіне қол салмақ болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Дикий Арман өзіне қол салмақ болды Дикий Арман өзіне қол салмақ болды
Фото: instagram.com/armandzhumageldiev

Бұл мәліметті ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады. 

"Бұл сотталған (Арман Жұмагелдиев — ред.) өзіне аздаған жарақат келтірді. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Сотталған ерекше бақылауда. Онымен мекеме психологтары жұмыс жүргізуде", — деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Мәліметке сай, осы факті бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.

Еске салайық, 2022 жылы Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын айтты.

2023 жылы қыркүйек айында Алматы маңындағы № 72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке қатысты сот процесі басталды.

Бұған дейін «Дикий Арман» жетекшілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталғанын жазғанбыз.

2024 жылдың желтоқсан айында Арман Жұмагелдиевтің ісі бойынша сотта жарыссөз өткен болатын.

27 қаңтарда қылмыс әлемінің серкесі «Дикий Арман» 20 жылға сотталғаны белгілі болды.

Апта талқысында: