Судья 14 жастағы қызға күш қолданып, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған 39 жастағы азаматқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал безбүйрек ана 19 жылға сотталды.
"Сот үкімімен Айсабагиев Қылмыстық кодекстің 121, 110 және 99-бабының бірнеше тармағы бойынша, ал жасөспірімнің анасы "Адам өлтіру және азаптау" баптарымен кінәлі деп танылды. Олар жазасын төтенше қауіпсіз және орташа қауіпсіз мекемеде өтейді. Сондай-ақ жәбірленуші тараптың моральдық залалға өтемақы өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылып, 15 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды", – деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Әділет Бақытов.
Еске сала кетейік, Карина Дорохинаның жоғалып кеткені 2023 жылдың 28 желтоқсанында белгілі болған. Полиция қыздың мәйітін былтыр 8 қаңтарда Текелі қаласының маңындағы таудан тапқан. Кейін оқушының бірнеше ай бойы сабаққа қатыспағаны, сондай-ақ 2023 жылы 6 қарашада қайтыс болғаны анықталды.