Грузияның Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған басылым марқұмдардың денесінде азаптау белгілері болмағанын хабарлады.
"Тергеудің алдын ала мәліметтеріне сәйкес, жабық ғимаратта бөлме жанында генератор орнатылған. Ол кеше нысанға электр энергиясының берілуі тоқтаған кезде қосылған болуы мүмкін", - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Мәйіттер екінші қабаттағы жатын бөлмеден табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдар – мейрамхана қызметкерлері.
ІІМ қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оқиға орнында сарапшы-криминалистер жұмыс істеп, жауап алуда. Аталған жайттың нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.