Оқиға дүйсенбі, 11 қараша күні кешке спорт орталығының жанында болған. Қайғылы жағдай кезінде мұнда серуендеп жүрген және спортпен шұғылданып жүрген адамдар көп болған. Зардап шеккендердің көбі қарттар, жасөспірімдер және балалар.
Көлікті 62 жастағы Фань есімді ер адам жүргізген. Құқық қорғау органдары оны қылмыс орнынан қашпақ болған кезде ұстады.
«Полиция қызметкерлері Фаньнің көлікте отырып, пышақпен өзіне жарақат салғанын анықтап, оны дереу тұтқындап, ауруханаға жеткізді», – деп хабарлады полиция.