Жаңалықтар

Ақтөбеде облысындағы тікұшақ апатынан жарақат алғандардың жағдайы ауыр

Ақтөбе облысында тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды buginmedia.kz

Ақтөбе облысының әкімдігі өңірдегі ұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның ауруханада жатқанын хабарлады.

«Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты және ауыр», делінген хабарламада.

Науқастарды әуежайда екі реанимациялық бригада күтіп алған. Оларды қатты күйік шалған. Қазір зардап шеккендер жансақтау бөлімінде, диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында тікұшақтың құлағаны белгілі болды. Бір адам сол жерде қайтыс болды.