Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында тікұшақтың құлауына қатысты мән-жайды айтты

Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында тікүшақтың құлауына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, биылғы жылғы 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонды. Бортта болған 3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты.

"Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі - техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген хабарламада.

Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеуде. Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында тікұшақтың құлағаны белгілі болды