Олжас Абай мен Дариға Бадықованы сынаған психолог тағы да мәлімдеме жасады
Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықоваға қатысты айтқан сыны үшін дау ортасында қалған психолог Шолпан Есмағанбетова тағы да пікір білдірді. Ол актер мен актрисаға қатысты ойын ашық айтып, енді екеуін де тереңірек талдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Психологтың айтуынша, Олжас Абай мен Дариға Бадықова оның сөздеріне ренжіген. Алайда ол өз пікірінен қайтпайтынын жеткізген.
Шолпан Есмағанбетова әлеуметтік желідегі жазбасында Дариға Бадықованың кім екенін айтып, оның шыққан тегіне қатысты да пікір білдірген. Сондай-ақ психолог өзіне көрсетілген қарсылықтан қорықпайтынын жеткізген.
«Мына екеуі өзінше ұялып қалыпты. Боқ-боқ пен су сиырға ренжіпті. Сонда кім Дариға? Сүттен ақ, судан таза бола қалған. Ол Нұрсұлтанқызы болмаса да Дариға, ал сен кімсің? Шыққан тегің белгісіз. Сес көрсететіндей 37-жылда жүрген жоқсыңдар. Мен енді екеуін аямай талдаймын, күтіңдер. Шындықты айту керек, быт-шытын шығарамын», – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін психолог Шолпан Есмағанбетова Олжас Абай мен Дариға Бадықованың қарым-қатынасы туралы пікір білдіріп, актердің лақап аты мен жеке өміріне қатысты сын айтқан еді. Сондай-ақ Дариға Бадықованы «юбка киген сусиыр» деп атаған.