Мәдениет

Айтыстан шеттетілген Мақсат Ақановтың тойда өнер көрсеткен видеосы тарады

Алты айға ресми айтыстарға қатысу құқығынан айырылған айтыскер ақын Мақсат Ақанов тойда өнер көрсетіп жүр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алты айға ресми айтыстарға қатысу құқығынан айырылған айтыскер ақын Мақсат Ақанов тойда өнер көрсетіп жүр. 

"Ержігіттің басына нелер келіп, не кетпес?! Ақтоғайлық қайнағам ғой. Қамиевтің ответкасын 2частьқа саламын оған дейін астына қиқулатып жіберіңіздер", - делінген жазбада.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ақынның тойда домбыра ұстап, өлең айтып отырғанын көруге болады.

Жазбада Мақсат Ақановтың өнер көрсетуінен үзінді жарияланған.

Айта кетейік, бұған дейін ақынның алты ай мерзімге ресми айтыстардан шеттетілгені хабарланған.