Желіде Бағым Мұхитденованың марқұм күйеуі Әділжанның Мөлдір туралы айтқан сөзі тарады
Желіде продюсер Бағым Мұхитденованың марқұм жолдасы Әділжан Юсуповтің Тимур Балымбетовке берген сұхбатынан үзінді тарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Сұхбатта ол әнші Мөлдір Әуелбековамен бірге жұмыс істеген кезін еске алған.
«Маған онымен жұмыс істеген ұнайтын. Осы сөздің өзі барлығын айтып тұр», – деген Әділжан Юсупов.
Алайда, журналист олардың қарым-қатынасы тек кәсіби байланыспен шектелді ме деген сұрақ қойған кезде, ол нақты жауап бермеген.
Айта кетейік, бұған дейін продюсер Бағым Мұхитденова әлеуметтік желідегі жазбасында бұрынғы шәкіртіне ескерту жасаған еді.