Семейде 19 жастағы қызды өлтірген жігіттің суреті тарады
Семейде Дильяра есімді қыздың қазасына қатысты әлеуметтік желіде жазба тарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Жазба авторы қыздың өліміне қатысы бар деп жігіттің аты Данабек екенін және оның 2002 жылы туғанын жазған. Сондай-ақ жарияланған суреттің бұрын түсірілгенін, қазіргі уақытта жігіттің сақал қойғанын айтқан.
"Семейдегі Дильяраны өлтірген жігіттің түрі, Данабек 2002 жылғы , бұл бұрынғы суреті казір сақал өсіріп алған, әдейі кәдімгідей жоспарлаған , Дильяра толық жасы 18де 19ға толып үлгерген жоқ!!!", - делінген жазбада.
Айта кетейік, бұған дейін Семейде 19 жастағы қызды көшенің қақ ортасында пышақтап өлтіріп кеткенін жазған едік.