Шоу-Бизнес

"Қатын жолда, бала белде": Жанель Мақажан экс-күйеуі жайлы күтпеген мәлімдеме жасады

Актриса Жанель Мақажан бұрынғы күйеуі, актер Абай Асылханға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Өнер иесінің айтуынша, экс-күйеуі балаларына материалдық қолдау көрсетпейді және алимент төлемейді.

«Қатын жолда, бала белде. Ата-ана, бауыр табылмайды деп туыстарына таратып жүр», – деп жазды Жанель Мақажан.

Актрисаның жазбасынан кейін желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Кейбірі Абай Асылханға қатысты таңданысын айтып, енді бірі Жанель Мақажанға қолдау білдірген.

Бұған дейін актриса ажырасу себебі туралы да жазып, отбасындағы түсініспеушіліктер мен бұрынғы күйеуінің туыстарымен байланысты жағдайларды баяндаған еді.