АҚШ-та үш баланың анасы ұсталды: Қазақстан СІМ мән-жайды айтты
АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматшасына адвокат тағайындалды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Өсенов мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Оның айтуынша, әйел АҚШ-та бірнеше жылдан бері тұрғанымен, заңды иммиграциялық мәртебесі болмаған.
«Оған адвокат тағайындалды. Біздің консулдық қызметкерлеріміз оның отбасымен байланыс орнатты. Жағдай оң шешіледі деп үміттенеміз. Қазіргі басты міндетіміз – Қазақстан азаматшасына қажетті консулдық көмек көрсету», – деді Жанболат Өсенов.
Бұған дейін Қазақстан азаматының Флорида штатында АҚШ иммиграциялық қызметі тарапынан ұсталғаны хабарланған еді. Оның үш баласы бары айтылды.