Мәзір
Бүгін, 13:45 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақтөбеде өз анасын пышақтап өлтірген 16 жастағы балаға қатысты мән-жай белгілі болды

Ақтөбеде өз анасын пышақтап өлтірген жасөспірімге бірнеше ай жүргізілген психиатриялық сараптамадан кейін “шизофрения” диагнозы қойылды. Енді осыған байланысты қылмыстық іс бойынша сот процесі де ұзаққа созылмай, жақын күндері аяқталуы мүмкін,  деп хабарлайды buginmedia.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Ақтөбеде өз анасын пышақтап өлтірген 16 жастағы балаға қатысты мән-жай белгілі болды Ақтөбеде өз анасын пышақтап өлтірген 16 жастағы балаға қатысты мән-жай белгілі болды
unsplash

Сотталушы сот отырысына өзі қатысқан жоқ. Қазір ол Талғардағы психиатриялық ауруханада ем алып жатыр.

Оқиға былтыр Жаңа жыл қарсаңында болған. 16 жастағы жасөспірім 41 жастағы анасына ашуланып, оны пышақтап өлтірген. Оқиға кезінде немересін тоқтатуға тырысқан әжесі де жарақат алған. Жасөспірім оны бірнеше жерінен пышақтап кеткен. Қазір сотта әжесі жалғыз жәбірленуші деп танылған. Жасөспірімнің мұндай ауыр қылмысқа баратынын жақындары да, айналасындағылар да күтпеген. Себебі ол мектепте жақсы оқып, түрлі олимпиадаларда жүлделі орындар алып жүрген.

Әжесінің айтуынша, немересінің мінез-құлқында бұған дейін де өзгерістер болған. Кейде ашуға беріліп, мінез көрсеткен кездері болған. Алайда отбасы мұны жасөспірімнің еркелігі мен өтпелі кезеңіне байланысты деп қабылдаған. Енді сараптама нәтижесінде психикалық дерт анықталғандықтан, сотта оған бас бостандығынан айыру жазасы емес, мәжбүрлі емдеу шарасы тағайындалуы мүмкін. Келесі отырыста судья тиісті шешім шығарады. Ал немересінің қолынан өзі де жарақат алған әжесі ол туралы артық ештеңе айтпай отыр. 

“Мінезі жақсы еді, ешкімге тиіспейтін. Бірде-бір ата-ана келіп, “менің баламды ұрды” деп айтқан емес. Жақсы бала еді. Түскі асқа картоп қуырып беретін, қазан-табақты да жуатын. Обал болды. Қатты жаным ашып отыр”, – дейді әжесі.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтіріп, әжесін пышақтады деген күдікке ілінгені

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2