Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды
Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды. Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Ақорда мәліметінше, мемлекет басшысының жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылған.
Айта кетейік, бүгін, 4 қыркүйекте Алматы облысы мәслихатының депутаттары өңірдің жаңа әкімін тағайындау мәселесін қарастырады.