Мәзір
Бүгін, 12:44 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты

Ақтауда Каспий теңізінде серуендеу катері жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты. Оқиға 30 тамызда сағат 22:56 шамасында 5А шағын ауданы маңында, «Нұртөбе» бизнес-орталығының жанында болған. Бұл туралы inAktau.kz хабарлады.

Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
Фото: видеодан алынды

Катердің бортында жеті адам болған. Құтқару операциясы барысында бес жолаушы жағаға шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Ал қалған екі адамның үстінде құтқару жилеті болмаған. Іздестіру жұмыстары кезінде олар шамамен жағадан 500 метр қашықтықтан табылды. Құтқарушылар екі адамның денесін судан алып шыққан.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 35 қызметкері, төрт техника және төрт қайық жұмылдырылды. Сонымен қатар іздестіру жұмыстарына полицияның 10 қызметкері мен төрт техникасы, Апаттар медицинасы орталығының төрт маманы және бір техникасы, сондай-ақ жедел жәрдемнің бес бригадасы қатысты.

Қазір қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2