Мәзір
Бүгін, 16:27 / BuginMedia / Жаңалықтар

Непалдағы қайғылы оқиғадан кейін хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық әйел іздестіріліп жатыр

Непалда болған жойқын су тасқыны кезінде Қазақстан азаматы хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Непалдағы қайғылы оқиғадан кейін хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық әйел іздестіріліп жатыр Непалдағы қайғылы оқиғадан кейін хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық әйел іздестіріліп жатыр
Фото: видеодан алынды

orda.kz жазуынша, алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандық әйел туристік топ құрамында Непалдан Қытайға өткен. Алайда қазіргі уақытта оның нақты қай жерде екені белгісіз.

«Алдын ала ақпарат бойынша, Қазақстан азаматы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен. Қазіргі уақытта азаматымыздың жүрген жері белгісіз. Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді СІМ.

Қазақстандық дипломаттар іздеу жұмыстарына қосылып, жергілікті билік өкілдерімен байланыс орнатқан.

Оқиға Непалда Бхоте-Коси өзені маңында болған ірі су тасқыны кезінде болып отыр. Табиғи апат салдарынан тоғыз гидроэлектр станциясы, 19 көпір және шамамен 40 шақырым автожол қираған.

Соңғы мәлімет бойынша, тасқыннан кемінде 162 адам қаза тауып, 500-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен. Непал армиясы мен жеке тікұшақтар апат аймағынан жүзден астам адамды эвакуациялаған. Зардап шеккен аудандарға шатырлар, азық-түлік және басқа да қажетті заттар жеткізіліп жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2