Мәзір
Бүгін, 10:36 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматы облысында 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген 17 адам сотталды

Алматы облысында 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі сотталды. Сот оларды қылмыстағы рөліне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматы облысында 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген 17 адам сотталды Алматы облысында 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген 17 адам сотталды
Фото: видеодан алынды

Алматы облысында 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі сотталды. Сот оларды қылмыстағы рөліне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

ҚМА-ның Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген тергеу нәтижесінде топтың екі жыл бойы көліктерді белгіленген талаптарды айналып өтіп тіркегені анықталған.

Алдымен Қазақстанға әкелінген 642 жүк көлігі заңсыз есепке қойылған. Кейін бұрын тіркеуден шығарылған көліктердің VIN-кодтарын пайдалану арқылы тағы 209 жеңіл көлік тіркелген.

Заңсыз схемаға полиция қызметкерлері, мамандандырылған ХҚКО мамандары мен нотариустар қатысқан. Олар ақпараттық жүйелерге жалған мәлімет енгізіп, жалған тұлғаларға сенімхат рәсімдеген.

Мемлекетке төленбеген тіркеу және утиль алымдарының жалпы сомасы 6,6 млрд теңгеден асты. Оның ішінде 5,4 млрд теңге – тіркеу алымы, 1,2 млрд теңге – утиль алымы.

Тергеу барысында мемлекетке 1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды. Сонымен қатар сот үкімімен қылмыстық табысқа сатып алынған бес автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Бұрынғы төрт полиция қызметкері арнайы атақтарынан айырылды. Қатысы бар нотариустарға нотариаттық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2