Саясат

Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жарлыққа сәйкес, Құрылтайдың бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында өтеді.

Мемлекет басшысы бұл құжатқа 26 тамызда қол қойған. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының қорытындысын жариялаған еді.