Мәзір
Бүгін, 16:48 / BuginMedia / Жаңалықтар

Бесіктегі сәби өлі табылды

Ресейдің Дағыстан Республикасындағы Хасавюрт қаласында балалар бесігінде белдік-таспалармен бекітілген баланың денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бала механикалық асфиксиядан қайтыс болуы мүмкін6 деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бесіктегі сәби өлі табылды Бесіктегі сәби өлі табылды
Фото: fox10tv.com

Оқиға 9 тамызда Хасавюрт қаласындағы үйлердің бірінде болған. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің Дағыстан бойынша тергеу басқармасы хабарлады.

Тергеу мәліметінше, бала бесікте қозғалыссыз жатқан күйде табылған. Оның денесі белдік-таспалармен бекітілген.

«Өлімнің алдын ала себебі ретінде механикалық асфиксия қарастырылып жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға бойынша процессуалдық тексеру басталды. Тергеушілер оқиға орнын қарап, баланың денесін зерттеген.

Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2