«Ләззат ханым, сізге бұған дейін де жазғанмын. Бала күнімде туған ағам мені зорлаған еді. Қазір сол ағам үйге келе жатыр. Қазіргі жағдайымды сөзбен жеткізе алмаймын. Қол-аяғым дірілдеп, бойымды үрей билеп кетті. "Бәрі баяғыда болған, енді саған ешкім ештеңе істей алмайды" деп өзімді жұбатуға тырысамын. Бірақ бәрібір қатты қорқып тұрмын. Кейде оны бір күні өлтіріп қоятындай күйдемін», – деп жазған оқырман.
Заңгер бұл әйелге үнсіз қалмауға кеңес берген.
«Ешкімнен қорықпаңыз. Ағаңыз келгенде ашық сөйлесіп, болған оқиғаны мойындатуға тырысыңыз. Егер мойындаса, сөзін диктофонға жазып алыңыз. Содан кейін полицияға арыз жазыңыз», – деген кеңес айтқан.
Оның сөзінше, хат иесі зорлық көрген кезде кәмелетке толмаған болған. Ал бүгінде жасы 45-тен асқан.